Перуде құйып жатқан жаңбырдан көшелер өзенге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде құйып жатқан жаңбырдан көшелер өзенге айналды

04.04.2023

Перуде жаңбыр құйып, елдің солтүстік-батысындағы елді-мекендерді су басты. Тасқыннан үйлер құлауға жақындағандықтан тұрғындар қауіпсіз жерге жаппай көшіп жатыр. Перудің Ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметінің хабарлауынша, аймақта жауын бірнеше сағат бойы толастамай жауған. Сондықтан кейбір қалаларда көшелер өзенге айналды. Әзрге табиғат апатынан құрбан болғандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу