Қарағанды облысында вирусты гепатит жұқтырғандар саны күрт көбейген. Тек соңғы екі айда 27 адам қауіпті дертке шалдыққан. Оның сегізі 14 жасқа дейінгі бала. Өткен жылмен салыстырғанда ауру 4,5 есеге өсіп отыр. Мұны дәрігерлер көктемнің келуімен байланыстырады. Айтуларынша, эпидемиялық ахуал әр бес жыл сайын қайталанып отырады екен. Індеттен сақтанудың жалғыз жолы екпе алу, жеке гигиенаны сақтау дейді олар. Вирусты гепатиттің бес түрі бар. Соның барлығында өсім байқалады. Науқастанған балалардың барлығы вакцина алмаған көрінеді.
Анар Азыханова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Вакцина алмаған балалар ауырған. Қатынаста болған балаларды оқшаулатып, олар медициналық бақылауға алынды. Вакцина алмағандарға вакцина егілді. Ошақтарда, мектептерде және басқа үй ошақтарында қорытынды дезинфекция жасалды.
Руслан Нұрланұлы