Париж тұрғындарының 90 пайызға жуығы электрлі скутерлерге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж тұрғындарының 90 пайызға жуығы электрлі скутерлерге қарсы

03.04.2023

Париж тұрғындарының 90 пайызға жуығы электрлі скутерлерге қарсы. Франция астанасы мұндай қызметке тыйым салуды қолдаған Еуропадағы бірінші қалаға айналып отыр. Бұл референдумның нәтижесі міндетті орындалуға жатпайды. Соған қарамастан, Париж мэриясы 15 мыңдай скутерді көшеге шығармау мәселесін қарастырып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, электрлі скутерлері жасаған жол апаттарынан былтыр 3 адам қаза тауып, 500 ге тарта тұрғын жарақат алды. Қайғылы оқиғалар 2020 жылмен салыстырғанда 42 пайызға көбейген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу