Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар. Оның тең жартысы Маңғыстауда шоғырланған. Бұл өңірдің ашық аспан астындағы мұражай аталуы да сондықтан.
Тас дәуірінен бері сәулеттік деңгейде жақсы сақталған ғибадатханалар бар. Ал, 13-14 ғасырларға тиесілі күмбезді тамдар үлкен тарих көшінен дерек береді. Екі, төрт құлақты сағана тамдарда бейнеленген қару-жарақтар мен әшекей бұйымдары онда жатқан адамның кім болғанын анықтап тұр.
Жазира ӘБІЛ