Ташкенттегі метроны су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкенттегі метроны су басты

03.04.2023

Өзбекстан астанасы Ташкентте күшті нөсер жауып, метро станциясын су басты. Қалада жаңбыр аралас бұршақ жауған. Әлеуметтік желіде тараған бейнероликтерде метрода адамдардың су кешіп жүргенін көруге болады. Ташкент метрополитенінің мәлімдеуінше, бұл жағдай пойыз қатынасына кедергі келтірмеген. Күшті жел мен жаңбырдан қаланың бірнеше ауданының тұрғындары электр жарығынсыз қалды. Кейбір жерде жоғары вольтті электр желілеріне зақым келген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу