Елімізде 1 сәуірден бастап бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 сәуірден бастап бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді

01.04.2023

Бүгіннен бастап елімізде бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді.

Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң аясында ұлттық энергия жүйесін реттелмейтін цифрлық майнингтен қорғау қарастырылған. Бұдан өзге, «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша» заңына енген өзгерістерге сай, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде тұрғын үй жалдау үшін төлемдер енгізілмек. Сондай-ақ, құжатта Қазақстанда саяси мемқызметшілер «сенімді жоғалту» себебімен жұмыстан босатылуы ескерілген. «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңға сай, аудандық сотардың төрағаларын сайлау элементі енгізілмек. Мұнымен қоса қабылданған ережелерге сәйкес 12-сәуірден бастап Қазақстанда атыс қаруымен аңға шығу 21 жастан бастап рұқсат етіледі. Бұрын 18 жасқа толғандарға рұқсат берілген еді. Букмекерлік кеңселер ставкалардың есебін жүргізетін болады.


Хабарламаларға жазылу