«Бір ауыл, бір өнім». Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғындары осындай әлеуметтік жоба аясында қой мен түйе жүнін кәдеге жаратып, табиғи өнім шығарып жатыр. Экологиялық таза өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан әр жұмысшының жұмыс жоспары бекітіліп, ай сайын 200-ден астам өнім өндіру көзделіп отыр.
Былтыр осы жобаға 5 млн теңге грант беріліп, оған жүн түтетін қондырғы алынды. Нәтижесінде өнім өндіру жеңілдеген. Қазір орталықта өнімнің жаңа түрлерін шығаруға дайындық жүріп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы