Киік саны 2 млн-ға жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киік саны 2 млн-ға жетуі мүмкін

31.03.2023

Батыс Қазақстан облысында киік санын реттеу мәселесі әлі өзекті болып тұр. Болжам бойынша биыл төлдеуден кейін бөкен басы 2 миллионға жетуі мүмкін. Ал шаруалар киіктің жайылымды отап тастайтынын айтып, биыл да шығынға ұшыраймыз деп алаңдаулы. Жергілікті ғалымдар, киік санын тірідей аулау арқылы шектеуді ұсынды. Өйткені жабайы жануарды атса, еті қарайып, мүлдем жарамсыз болып қалады.

Былтыр киік санын реттеу бойынша министрлік деңгейінде жұмыс тобы құрылып, жол картасы әзірленді. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік қорығы құрылған. Алайда, даулы мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ. Құзырлы мекеме енді бұл іске шетелдік ғалымдарды тартуды көздеп отыр. Олар мамыр айында өңірге келіп, өз тұжырымдамасын айтады.

Андрей Ким, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:

Халықаралық сарапшылардың ұсынысын киіктердің санын реттеу туралы биологиялық негіздемеге енгізу жоспарланып отыр. Осы құжат негізінде ғылыми зерттеу жасалады. Атап айтқанда, бөкендердің көшіп-қону жолдары, ареалы, азығы мен суаты зерделенеді. Және, ең бастысы, ауыл шаруашылығы жануарларымен бәсекелестікті жою бағытында болжам жасалады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу