Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тұңғыш» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тұңғыш» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

10.07.2015
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тұңғыш» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тұңғыш» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Картинаны тамашалауға мектеп оқушылары мен жастар көп жиналды.

Байырғы тарих пен қазіргі күнді баяндайтын фильмде Астананың қалыптасу кезеңі жан-жақты қамтылған. Қазақстанның бас қаласының қазіргі ахуалы, Мемлекет басшысының еңбектері мен еліміздің даму тарихы көрсетіледі.

Сондай-ақ, Арқаның сайын даласына заманауи қаланың қалай салынғаны, осы жолда қандай жұмыстар атқарылғаны суреттелген.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу