Мемлекеттік қызметшілердің сапасын арттыру жұмысы жүйелі жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілердің сапасын арттыру жұмысы жүйелі жүргізіледі

30.03.2023

Енді мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қарамағындағы қызметкерлерді тікелей тағайындай алады. Бұл өзгеріс департамент директорлары мен комитет төрағаларына, жергілікті атқарушы органдардағы басқарма басшыларына қатысты. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Жиында, сондай-ақ, агенттікті толыққанды HR институты ретінде қалыптастыру, Президенттік жастар кадр резервін құру, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және бағалау мәселелері де талқыланды. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев саланы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы әңгімеледі.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік қызметте тәжірибелі, білімді, білікті мамандар аз дейді. Оларды алу шаралары өте қиын деп айтады. Себебі расымен де бір байқауға 21 күнге дейін уақыт кетеді. Сондықтан да біз оны азайту үшін казіргі кезде бірінші басшылардың жауапкершілігін арттырып, олардың ұсынысы бойынша агенттік келісім береді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу