Жетісу облысында климаттық агротехнологияларды ілгерілету жобасы қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында климаттық агротехнологияларды ілгерілету жобасы қолға алынды

30.03.2023

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы аясында Жетісу облысында климаттық агротехнологияларды ілгерілету жобасы қолға алынды. Халықаралық ұйым өкілдері жер шарында ауа-райының өзгеруі еліміздегі су ресурстарына, жайылым мен суармалы алқаптарына кері әсер етеді деп болжауда. Сондықтан Жапон елінің өкілдерімен бірлесе өңірдегі екі шаруашылыққа суды үнемдейтін, күн көзінен қуат алатын қондырғылар орнатты. Олардың бірі дәрілік өсімдіктер өсіріп жинаса, екінші шаруа көкөніс өсіреді. Жалпы Қазақстан бойынша мұндай технологиялар төрт облыстың он шаруа қожалығына енгізілді. Жобаға 1 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсалды.

Ербол Есенеев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары:

Қазақта жақсы мақал бар: «Судың да сұрауы бар». Сондықтан бүгінгі күнге жер ресурстары, табиғат ресурстары шектеулі. Сондықтан дұрыс пайдаланып, әсіресе, шалғайда тұрған шаруаларға күн сәулесін пайдаланып, өз шаруаларын ары қарай жүргізуге ол өте пайдалы.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу