Таразда түнгі клубтар мен дәмханаларға заңсыз күзет қызметін ұсынып келген қылмыстық топ ұсталды. Олар бірнеше жыл бойы ойын-сауық орындарын өз қамқорлығына алып, күшпен тәртіп орнатуға тырысқан. Ал қызметтерін қабыл алмаған жерлерде әдейі төбелес ұйымдастырған. Тіпті, қару да қолданған. Жанжал көбейген соң кафе қожайындары қызметімізге амалсыз жүгінеді деп дәмеленген. Арнайы операция кезінде 11 күдікті ұсталды. Үй-жайларын тінту кезінде травматикалық қарулар табылған.
Данияр Әлімқұл