Президент: Министрлер шешім қабылдаудан қорқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Министрлер шешім қабылдаудан қорқады

29.03.2023

Министрлер шешім қабылдаудан қорқады. Президенттің айтқан тағы бір сыны осы. Ведомство басшылары жауапкершіліктерін әріптестеріне немесе қоластында жұмыс істейтіндерге жүктейді. Сондықтан электрондық үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын одан әрі цифрландыруға назар аудару қажет деді Мемлекет басшысы. Бұл ретте электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар қоғамның билікке деген сенімін едәуір нығайта алады. Толық және сенімді деректердің болуы - елде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін көрсетеді деді Президент.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу