Жаңа сайланған VIII шақырылымның отырысы өтіп, депутаттар ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа сайланған VIII шақырылымның отырысы өтіп, депутаттар ант берді

29.03.2023

«Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты». Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сайлау қорытындысына сүйеніп осылай деді. Президент бірқатар мәлімдемелер де жасады. Оны дәл қазір Парламенттен байланысқа шығып тұрған әріптесім Данияр Қайыртай баяндап береді. Данияр, эфирдесің.

Данияр Қайыртай, тілші:

Парламент палаталарының бірлескен отырысы біте сала, жаңа сайланған VIII шақырылымның отырысы өтіп, депутатттар ант берді. Сосын Мәжіліс төрағасы етіп Ерлан Қошановты Сайлады, ал орынбасарлары болып ... Сайланды. Иә, ал оның алдында өткен бірлескен отырыста сөз сөйлеген президент алдағы бес жылда Үкімет және Парламенттің алдында айрықша маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Әсіресе "экономика мен әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдерді ретке келтіруіміз қажет деді де, сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек" екенін айтты. Себебін "Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті" деп түсіндірді. Сосын Мемлекет басшысы Шағын және орта бизнес экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күші болуы керек дей келе, қазір ұлттық буржуазияның негізін құрайтын орта бизнес жүйесіз дамып жатқанын айтты. Тек жекелеген аймақтарда ғана оң қарқын байқалады деді. Сондықтан Үкіметке созбалаңға салмай, экономиканың негізгі салаларына қомақты инвестиция, соның ішінде шетелдік инвесторларды тарту міндетін жүктеді. Олар орта бизнестің дамуына тың серпін беруге тиіс деді Президент. Ал іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін, ең алдымен, әділ, тұрақты әрі ашық салық жүйесін қалыптастыру керек деді. Осы орайда салық жүйесін цифрландыруды ұсынды. Үкіметке экономиканы монополиядан арылту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, әрі Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы әзірленген жеке заң жобасын Парламент жуық арада қабылдауы керек деді.Сосын Заңдар мен түрлі ережелерді әзірлеген кезде қаржы-өнеркәсіп топтары, ірі бизнес өкілдері шешім қабылдауға зор ықпал ететінін, яғни лобби барын айтты. Сондықтан депутаттарға лоббистік қызметті заңмен реттеудің және оған бақылау жасаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуді тапсырды. Президент тауар газының тапшылығын болдырмау үшін газ саудасын ашық бәсекеге шығару маңыздылығына тоқталды. Ол үшін шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн деді Президент. Мысалы, кімнің үйі үлкен болса, соған газ тарифі қымбатырақ болуы керек дегенді айтты. Осы қыста бірқатар аймақ жылусыз қалғанын еске салып, электр энергетикасына қатысты әзір тұрған үш заңды қабылдау керек деді. Президент әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына да кеңінен тоқталып, үкімет пен парламентке бірқатар тапсырмалар берді. Әрі Парламентте аса маңызды мәселе талқыланса, жалпы отырысты мемлекеттік телеарна арқылы тікелей эфирде көрсету қажет дегенді айтты. Сонда азаматтар өздері сайлаған депутаттың қалац жұмыс істейтінін нақты көріп, баға бере алады дейді Президент. Бар ақпаратты барынша сығымдап жеткізуге тырыстым, алдағы эфирлерде толықтырамыз.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу