Елімізде азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр

28.03.2023

Ертең 8-ші сайланған Парламенттің алғашқы сессиясы өтеді. Демек, Конституцияға сәйкес Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Ал, осы министрлер кабинеті бағаны реттей алды ма? Елімізде азық-түлік күн санап қымбаттап барады. Соңғы бір айдың өзінде баға 1 жарым пайызға өскен. Қымбатшылықтан қашан құтыламыз? Министрліктің жауабы қандай?

Айя Мүтәлі, тілші:

Қазір азық-түліктің соңғы жарты жылда бағасы қалай өскенін анықтаймыз. Ол үшін қолымда қыркүйек айында осы гипермаркеттен алған чегым бар. Дәл сол дүкендегі дәл сол тауарлар қазір қандай бағада екен? Шағын эксперимент жасап, біліп көрейік.

Азық-түлік бағасында айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, 114 теңге тұрған картоп қазір 169 теңгеге сатылып жатыр. Ал 97 теңгеге алған сәбіздің бағасы 145 теңгеге дейін өскен. Яғни, 40 теңгеге дейін қымбаттаған

Жұмыртқаның да бағасы өскен. Мәселен, 30 данасын осыдан жарты жыл бұрын 1487 теңгеге алсақ, Қазір 1868 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал мына бір жарым келілік макарон өнімін қыркүйек айында 600 теңгеге сатып алған екенмін. Қазір жеңілдікпен 890 теңгеден сатылып жатыр.

Күнделікті қолданатын тұрмыстық тауарлардың бағасы тіпті шарықтаған. Мына сусабын 1255 теңге тұрған еді. Қазір екі жарым есеге қымбаттап, 3 жарым теңге тұрады.

Сонымен, осыдан жарты жыл бұрын дәл осы ірі маркетте 33382 теңге жұмсасам, дәл сол тауарларды қазіргі бағамен алатын болсақ, шамамен 50-55 мың теңге шығандалады екенмін.

Ал қымбатшылық қысқан жұрт азық-түлікті несиеге алып жүр.

Пияз бағасының өзі бір жылда 100 пайызға шарықтады. Қияр – 56,8%, қант – 55%-ға көтерілді. Күріш, макарон, ұн өнімдері 40 пайызға өсті. Қымбатшылық әсіресе, Маңғыстау, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Астанада да баға күн санап өсіп жатыр. Ал сауда министрлігі маусымдық көкөністердің бағасы арзандайды деп жұбатып отыр.

Айнұр Әлмұханова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілі:

Биылғы жылдың ерте және күзгі егіндеріне келісімшарт жасау бойынша жұмыс жеделдетуді, күзден бастап 2024 жылдың көктеміне арналған қорларды қалыптастыруды тапсырды. Бұл азық-түлік бағасын ұстап тұруға мүмкін береді.

Дегенмен, баға нарығымен бір жыл күрескен Үкімет таяуда отставкаға кетуі мүмкін. Ендігі үміт жаңа министрлер кабинетінде. Былтыр рекордтық көрсеткішке жетіп, 20 пайызға бірақ шарықтаған инфляцияны төмендету міндеті енді жаңа Үкіметке жүктеледі.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу