«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолы 2024 жылы пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолы 2024 жылы пайдалануға беріледі

28.03.2023

Биыл қазынадан автожолдарға 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Сондай-ақ Атырау мен Орал, Қарағанды мен Жезқазғанның арасына жаңа жол төселеді. Сонымен қатар Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолын салу жоспарланып отыр. Жаңа жобалардың жоспарлау жұмыстары басталып кеткен. Комитет төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың сөзінше биыл «Талдықорған-Өскемен» және «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады. Ал батыс өңірлерді өзара байланыстыратын Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолы келер жылы пайдалануға берілмек.

Мейрхат Қасымбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

Былтыр 93 шақырымын бердік. Биылғы жылы тағы да 103 шақырымын ашамыз. Ары қарай жалғастырыла береді. Жол соғу кейде созылып кетіп те жатады. Ол үкімет жағынан ақша бөлуге байланысты.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу