Алматыда «Елбасы - елінің тірегі, Астана - елімнің жүрегі» атауымен поэзия кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Елбасы - елінің тірегі, Астана - елімнің жүрегі» атауымен поэзия кеші өтті

03.07.2015
Алматыда  «Елбасы - елінің тірегі, Астана - елімнің жүрегі» атауымен поэзия кеші өтті

«Елбасы - елінің тірегі, Астана - елімнің жүрегі». Бүгін осындай атаумен Тұнғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай жас ақындардың қатысуымен поэзия кеші өтті.

Жас ақындар жалынды жырларын оқып, Астана мен Елбасының егіз ұғымға айналғанын арқау етті. Тарих толғауында талай теперішті көрген ұлттың жетістігі жырланды.

Талапбек Тынысбек, Динара Мәлік, Серікбол Хасан, Әлия Іңкәрбек сынды ақындар жыр байрағын биікте желбіретер жас буынның өсіп  келе жатқанына көз жеткізді.

Поэзия кешімен қатар, «Елбасы», «Асқақтай бер, Астана!» атты безендірілген кітап көрмелері ұйымдастырылды.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу