Қарағанды облысында жеті үйдің құрылысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жеті үйдің құрылысы тоқтатылды

28.03.2023

Қарағандыда сот шешімімен жеті бірдей көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. Бұл компаниялардың ешқайсында баспана салуға тиісті құжаттары болмай шыққан. Қазір тағы үш үйдің мәселесі қаралып жатыр. Мамандардың айтуынша, олар жұмысқа кіріспес бұрын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды үкімет веб-порталы арқылы хабарлама беруі қажет. Алайда кезекті мониторинг барысында 10 үйдің құрылысы рұқсатсыз басталып кеткені белгілі болды.

Гүлбахрам Мұқашева, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы:

Сотқа материалдарды жібердік. Ұйғарым берілді. Оны әрі қарай орындау керек. Егер техникалық тексерістің қорытыныдысында барлығы құрылыс нормаларына сәйкес салынған болса, қолданысқа жарамды деген шешім шығарылса, ол әрі қарай құрылысын жалғастыра алады. Ал егер қолданысқа жарамсыз жағдайда болса, онда әрі қарай сот арқылы құрылысы тоқтатылып, нысан бұзылуы мүмкін.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу