Елордада І Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі аяқталды.
Төрт күнге созылған шараға Италия, Болгария, Сербия, Ресей сынды 9 мемлекеттің әлемге әйгілі қуыршақ театрлары қатысты.
Астана қуыршақ театры ұжымының Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінің желісі бойынша жазылған «Атамекен» қойылымын жұртшылық жылы қабылдады. Онда ХХ ғасырларда қазақ халқының басынан өткерген қиын-қыстау шақтары, қысылтаяң кездерінен көрініс берілген.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ