Депутаттардың берген уәделері – халық назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттардың берген уәделері – халық назарында

27.03.2023

Депутаттардың берген уәделері – халық назарында. Әсіресе бір мандаттық жүйемен сайланған депутаттардан қоғам көп үміт күтеді. Бүгінгі сайлау қорытындысы жайлы сарапшылар осылай дейді:

Ризат Елубаев, саясаттанушы:

Ұтылып қалған үміткерлердің өзі бүгінгі таңда мәлімдеп отыр: біз бір жыл бойы әрбір бір мандатпен сайланған депутатты бақылаймыз. Егер бағдарламаларын іске асырмаса заң нормасына сәйкес қол жинаймыз, мандатты қайтарып алу бойынша деп.

Олжас Бейсенбаев, Қазақстан Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Көптеген сайлаушылар сайлау учаскесіне барып дауыс берген кезде қандай да бір кандидатты көргісі келді парламент қабырғасынан. Енді партиялар тізім жасаған кезде мейілінше халықтың мандатына ие болған, үгіт-насихат жұмыстарында белсенді көрінген, халықтың арасында беделі бар азаматтарды қосады деген үміттеміз.

Хабарламаларға жазылу