Қызылорда облысының Қармақшы ауданында алкогольді заңсыз жолмен дайындағандар ұсталды. Күдіктілердің үй-жайын тінту барысында 4300-ден астам бөтелке арақ табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Жергілікті екі тұрғын жалған оларға маркалар жабыстырып, ары қарай сауда орындарына жөнелтіп отырған. Алкоголь өнімдері Ресейден контрабандалық жолмен әкелінген деген болжам бар. Өйткені, бірде-біреуі Қазақстанда есепке алынбаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Әділбек Серікұлы