Петропавлда ауыз су тарифі уақытша төмендетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ауыз су тарифі уақытша төмендетіледі

27.03.2023

Петропавлда ауыз су тарифі уақытша төмендетіледі. Себебі тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін «Қызылжар су» мекемесі негізсіз 13 млн теңге табыс тапқан. Бұл жағдай табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті тарифтік сметаның орындалуы бойынша жүргізген талдауы кезінде анықталды. Енді мамыр айынан бастап уақытша өтемдік тариф енгізіледі. Ол жеке тұлғалар, мемлекет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен заңды тұлғаларды, және тағы басқа санаттағы мекемелерлі қамтиды. Аталған кәсіпорын жалпы саны 100 мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу