Қостанай облысында оқушыларға 28 автобус берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында оқушыларға 28 автобус берілді

27.03.2023

Қостанай облысында 13 аудандық білім бөліміне 28 автобус берілді. Жалпы құны 1 млдр теңгеден асады. Бұл көліктер балаларды тасымалдауға арналған. Облыста 2,5 мыңнан астам оқушы күн сайын көршілес ауылдардағы мектептерге қатынап оқиды. Жаңа автобустар жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. Пандустар мен жүргізушіні шақыру түймелері бар. Яғни барынша жайлы. Соңғы екі жылда облыста 322 млн теңгеге 9 автобус және 12 шағын автобус сатып алынған.

Әлмұрат Ахметов, мектеп директоры:

Мемлекетіміз орта білім беретін мектептердің қауіпсіздігі мен материалдық техникалық ахуалына көп көңіл бөліп отыр. Сондықтан осындай заман талабына сай автобус алғанымызға өте қуаныштымыз.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу