Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұсында Жайықта сең жүріп, су деңгейі көтеріліп жатыр. Тұрғындар соңғы жылдары қатты тартылып қалған айдынға су келгеніне қуанып, жағаға келіп, қызықтап жүр. Өңірдің күретамыры әзірге еріген қар суымен толығып, өзен алабына жайылып жатыр. Жағалаудағы тынымбақты да ішінара су басқан. Су деңгейі Орал қаласының тұсында соңғы аптада бір метрге көтеріліп, 532 см-ге жеткен. Келер айдың ортасында Жайық өзеніне келетін су тағы көтерілуі мүмкін деп болжанып отыр.
Ардақ Мұратқызы