Ақтөбе облысының Ойыл ауданында суға кеткен үйлердің саны 11-ге жетті. Қазір Қаратал ауылында шығынды бағалау үшін комиссия жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге салсақ, бір апта бұрын елді-мекен жанындағы дамба бұзылып, қарғын су ауылға кірген еді. Ал, 20 наурыздан бастап Ойыл ауданында жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланған. Бір қызығы, бұл туралы жергілікті билік өкілдері бұған дейін ресми хабарлаған жоқ. Қазір судың беті қайтқан. Ертеңнен бастап көпірлер мен жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері енді облыстың солтүстік аудандарына ерекше көңіл бөліп отыр. Оның үстіне Қосестек, Қарақобда өзендерінде су деңгейі көтерілген.
Құмар Тұрмағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандарында қар әлі бар. Сай-салада қалып отыр. Сол себептен толығымен бақылауда ұстап отырмыз осы жағдайды.
Қуан Нұрақын