Бельгияда Түркиядағы зілзалаға арналған көрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда Түркиядағы зілзалаға арналған көрме ұйымдастырылды

24.03.2023

«Ғасыр қасіреті, апатты аймақтан көріністер». Осындай атаумен Брюссельде көрме ашылды. Түркияда болған жойқын зілзаланың зардабы, қираған ғимараттардың фотосуреттері қойылған. Әсіресе үйінді астынан құтқарылған адамдар мен жануарлардың суреттері келушілерді бей-жай қалдырмады. Өлім мен өмір арасында арпалысқан құтқарушылардың жанкешті еңбегі де фотографтардың назарынан тыс қалмаған.

Ипек Текдемир, көрмені ұйымдастырушы:

Әкем апат аймағында дәрігер боп қызмет көрсетіп жүргенде анам жүрек талмасынан қайтыс болды. Өзімнің жеке қайғымды, халқымның қасіретін сурет арқылы жеткізуді жөн көрдім. Біздің қайғымызға ортақтасып, қолдан келген көмегін көрсеткен бауырлас қазақ халқына алғысымды білдіремін.

Рышард Чарнецкий, «Түркия-Еуропалық Одақ» достық тобының төрағасы:

Бұл өте маңызды көрме. Түркия мен Сирия біздің көмегімізге мұқтаж. Біз Еуропалық бірлікті паш ете отырып, жомарттық танытып, осы елдерге ұзақмерзімді қолдау көрсетуіміз керек.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу