«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия» және «Үздік балалар» әдебиеті атты аталымдардың әрқайсысына 1 миллион теңге тағайындалған. Ал, бас жүлде «Мәңгілік ел» тақырыбына қалам тербеген әдебиетшіге 1,5 миллион теңге.
Айта кетейік, өтініштер, бүгіннен бастап 1-қарашаға дейін қабылданып, қорытындысы 1-желтоқсанда жарияланбақ. Ұйымдастырушылар, жас авторларды осындай зор мүмкіндіктен қапы қалмауға шақырады.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ