Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жолдаған жеделхатта достас Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және оның жауапты жұмысына табыс тіледі.
- Мен Қытай және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына айрықша мән беремін. Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келетініңізге және биыл мамыр айында өтетін алғашқы «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымын. Екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайту мәселелері жөнінде өзіңізбен пікір алмасамыз деп сенемін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысының атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/173447/)