Қытай төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуге барды. Ол Ресей астанасына 2019 жылдан бері және Украинада қарулы қақтығыс басталғалы алғаш рет сапар шегіп отыр.
Қытай жетекшісі көрші елде үш күн болады. Сейсенбіде басталатын келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі – Украина. Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі бейресми кездесуде Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында бетпе-бет әрі маңызды әңгіме болады.
Осы сапар қарсаңында Қытай басшысының «Жэньминь жибао» газетінде мақаласы жарияланды. Онда Си мырза Украина дағдарысынан шығудың «рационалдық жолы» барын айтқан. Ал, Путин «Российская газетада» жарық көрген материалында «бұл дағдарысты Ресейдің саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге дайын екенін» жазды.
Арыстан Рысбек