Дауыс санау процесі заңға сай жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс санау процесі заңға сай жүргізілді

20.03.2023

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы заңға сай әрі ашық өтті. Дауыс санау процесінде де байқаушылар тарапынан ешқандай шағым болмады. Саяси науқанды «Дауыс» республикалық қоғамдық байқаушылар коалициясы осылай қорытындылады. Сайлау учаскелерінде 15 заңбұзушылықты анықтаған. Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің орнына бір адам дауыс беру, сайлаушыға бірнеше бюллетень беру сияқты келеңсіздіктер тіркелген. Барлық факт бойынша акт жазылып, заңға қайшы әрекеттер уақтылы жойылған.

Төлеген Күнәділов, «Дауыс» Республикалық қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:

Сайлау күні 9790 сайлау учаскесінде күні бойы жалпы 18 мыңнан астам байқаушымыз қоғамдық бақылау жұмыс жүргізген болатын. Себебі, бұл үрдіс өте күрделі болғандықтан өздеріңіз білесіздер. Сайлаудың ашық әрі әділ, заң шеңберіннен шығатын заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу