Шетелдегі отандастарымыз дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі отандастарымыз дауыс берді

20.03.2023

Ресей Федерациясы бойынша сайлау учаскелерінде қатысуға тіркелген 2490 адамның 1355-і дауыс берді. Яғни тізімдегі азаматтардың 54,4 пайызы өз таңдауын жасаған. Мәскеудегі нөмірі 265 сайлау учаскесінде 654 адам дауыс берді. Оның ішінде 301 адам, яғни 46,02 пайызы «Amanat» партиясына, 18,96% пайыз - 124 отандасымыз «Respublica» партиясына дауыс берсе, 75 адам, яғни 11,46 пайызы бәріне қарсымын деп белгілеген. Барлық учаскелерде халықаралық байқаушылар қадағалап отырды.

Ирина Лапенко, халықаралық байқаушы:

Біз Қазақстан Республикасының Ресейде орналасқан елшілігінде өткен дауыс беру процесіне қатыстық. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді, дауыс беруге келгендердің көңіл-күйлері көтеріңкі. Сайлау талапқа сай өтті деп сеніммен айта аламын.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу