Сайлау науқанын байқаушылар жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау науқанын байқаушылар жоғары бағалады

20.03.2023

Елімізде өткен саяси науқанды халықаралық байқаушылар жоғары бағалады. Кеше күні бойы дауыс беру барысын бақылаған олар баспасөз брифингтерін өткізіп, сайлаудың қалай өткенін жеткізді. Толығырақ тікелей байланысқа шыққан тілшіміз айтсын. Досжан байқаушылар қандай да бір заңбұзушылықтарды анықталып па?

Досжан Маратұлы, тілші:

Иә, баспасөз брифингі біраз бұрын ғана аяқталды. Онда байқаушылар дауыс беру кезінде ұсақ ережебұзушылықтар болмаса, заңбұзушылықтарды байқамадық дейді. Айтуларынша, олар кеше күні бойы сайлау учаскелерін аралап, дауыс санау процесіне қатысқан. Көрген, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, бүгін, міне, алдын ала қорытындыларын жария етті.

Мунтасер абу Зейд, халықаралық байқаушы:

Сайлау өте жоғары деңгейде өтті. Біз көптеген сайлау учаскелерін араладық. Сонда адамдардың дауыс беруге ынтамен қуана барғанын көрдік. Жұрт науқанды нағыз мейрам сияқты қабылдағаны сезіліп тұрды. Әрі сайлау учаскелерінің біреуінде де полицейлерді көргеніміз жоқ. Бұл ұйымдастырдың жоғары деңгейде екенін және дауыс берудің бейбіт түрде өтекенін білдіреді.

Сондай-ақ байқаушылар елімізде жүргізілген реформаларды да жоғары бағалап, оның сайлау жүйесіне оң әсер еткенін жеткізді. Айта кетейін осы саяси науқанның ашық, әділ өтуіне атсалысу үшін 793 халықаралық байқаушы тіркелген. Олар 41 мемлекеттен келді.

Досжан Маратұлы, тілші:

Арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Түркі мемлекеттері, ТҮРКПА, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және тағы басқа шетелдік ұйымдардың өкілдері бар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу