АҚШ-та дауыс беру бір сағат бұрын ғана аяқталды. Нақты айтқанда, Астанадан он үш сағаттан кейін Сан Франциско қаласындағы сайлау учаскесі әлем бойынша ең соңғы болып жабылды деп хабарлайды осы елдегі меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы. Тынық мұхиты жағалауындағы Калифорнияда орналасқан бұл шаһарға елдің батысындағы Оригон, Вашингтон, Невада секілді жақын штаттрадағы қазақтар келіп азаматтық борышын өтеген. Қазір бюллетендерді санау басталды. Ал үш сағат бұрын дауыс беру аяқталған Вашингтон мен қазақтар көп шоғырланған Нью-Йорктегі сайлау комиссиялары бюллетендерді санап бітіп, хаттамасын шығарып үлгерген. Оған қарағанда Вашингтонның өзінде дауыс беруге құқылы азаматтардың 80 пайызы өз таңдауларын жасаған. Енді көп ұзамай Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі үш сайлау учаскесіндегі бюллетендері Астанаға алып келеді.
Жалғас Сәдібекұлы