Ақмола облысындағы сайлау учаскілерінде де дауыс санау жүріп жатыр. Саяси науқан кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бұл аймақта бүгін 728 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 994 сайлау комиссиясы құрылған. Қазір олар бюллетеньдерді санап жатыр.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Біздің қазақстандық байқаушылар, 27 бұқаралық ақпарат құралдары және 26 халықаралық байқаушы қатысты. Сайлауға 18 жасқа енді толған екі мың бес жүз жасөспірім қатысты. Мүгедектігі бар жандарға да барлық жағдай жасалды. 2600-дей адам қатысты.
Ұмсындық Наурызбаев