Мәскеуде 1300-ден астам сайлаушы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 1300-ден астам сайлаушы дауыс берді

19.03.2023

Бірер минут бұрын Мәскеудегі нөмірі 265 сайлау учаскесі жабылды. Жалпы 1 300 ден астам адам дауыс берген. Бұл жалпы сайлаушылардың 53 пайызы. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеуден тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, Мәскеудегі сайлау қалай өтті?

Индира Бегайдар, тілші:

Ресейде 5 сайлау учаскесі жұмыс істеген. Соңғы болып Мәскеу және Санкт-Петербургтегі дауыс беру орындары жабылды. Астраханьдағы учаскеде тіркелгендердің 74 пайызы дауыс берген. Мәскеудегі отандастарымыз да жоғары белсенділік танытты. Тіпті қаладан 300 шақырым жерден келіп, өз таңдауын жасаған қазақстандықтар да бар.
Гүлден Төлеген, журналист:

Бұл біздің азаматтық борышымыз. Балаларға үлгі болсын деген оймен келіп отырмыз. Олар да қоғамдық шараларға белсенді қатыссын деп. Бүгін өзіміздің даусымызды бердік. Елдің болашағы әр азаматтың қолында деп ойлаймын.
Нөмірі 265 сайлау учаскесінде 4 халықаралық байқаушы саяси науқанды қадағалап отырды. Олардың пікірінше, ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Дауыс беру процесі халықаралық талаптарға сай өтті. Алғашқы және соңғы болып дауыс бергендерге сыйлықтар табыс етілді. Ал қазір комиссия мүшелері дауыс санауға кіріп кетті. 

Хабарламаларға жазылу