Бүгінгі сайлауға дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 54,19 пайызы қатысты. Мұны Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі қорытынды брифингте мәлім етті. Барлығы 6,5 миллионнан астам адам учаскеге барып, бюлетень алған. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай жұртының белсенділігі жоғары болды. Бұл өңірлерде халықтың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Мегаполистердегі электораттың белсенділігі төмен. Дауыс беруге құққылы адамдардың 50 пайызы да сайлау учаскесіне бармаған. Дәл қазір батыс мемлекеттерде уақыт белдеуіне байланысты учаскелер әлі ашық тұр. Ең соңғы болып Сан-Францискода орналасқан учаске Ертең Астана уақытымен 9:00 де жабылады.
Оңғар Алпысбай