Алматы тұрғыны: Әр дауыс маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тұрғыны: Әр дауыс маңызды

19.03.2023

Сайлауда дауыс беру арқылы мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Осылай деген алматылық Әлима Бейсенбаева саяси науқаннан қалыс қалмады. Азаматтық борышын өтеу үшін ол арнайы инватакси қызметіне жүгінді. Мамандар сайлау учаскесіне жеткізіп, дауыс беруіне жәрдемдесті. Көмекке зәру сайлаушылар үшін учаскелерде барлық жағдай жасалған, дауыс беруге өте ыңғайлы. Бірінші топтағы мүгедектігі бар Әлима Бейсенбаева үшін бүгінгі сайлаудың маңыздылығы жоғары.

Әлима Бейсенбаева, қала тұрғыны:

Мен ойлаймын Қазақстанның азаматы өзінің шешімін қабылдап сайлауға міндетті түрде қатысу керек. барлығы өзімізден басталады. Әрине, үлкен өзгерісті күтеміз. Қазақстанымыз гүлденіп, барлық өзіміздің мемлекетімізге, елімізге барлық азаматтарға жағдай жасалса деген үлкен сенім бар.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу