Брюссельде отандастарымыздың дені дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде отандастарымыздың дені дауыс берді

19.03.2023

Нұрсұлу Қасым, тілші

Рақмет, Айдос! Еуропа елдерінде, әсіресе Бельгияда сайлау қызу өтіп жатыр. Отандастарымыз Брюссельден 100, 200 шақырым жердегі қалалардан, Люксембург елінен келіп, дауыс беруде. Әсіресе, жастар өте белсенді. Алыс жолдан келгендердің құрметіне, әрі Наурыз мерекесіне орай Елшілік қандастармызға арнап, мол дастархан жайған. Елді сағынған жерлестеріміз ұлттық тағамдардан дәм татып, мәре-сәре.

Ақерке Маханова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:

Қазақстан халқына Бельгиядан үлкен сәлем тілеймін. Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын. Бүкіл қазақстандықтарға, еліме тек тату мен бейбітшілік тілеймін.

Денис Горшенко, Люксембургтағы қазақ диаспорасының өкілі:

Қазақстанымыз өркендеп дами берсін, елімізде тек бейбітшілік болсын.. Отбасымызбен екі жылдан бері жұмыс бабымен Люксембургта тұрып жатырмыз. Отанымызды қатты сағындық. Бельгияда сайлауға қатысуға ниет білдірген 200-ге жуық адамның басым бөлігі дауыс берді. Брюссель уақыты Астана уақытынан бес сағат артта екенін ескерсек, қалған отандастарымыз да сайлау учаскесінің жабылуына дейін өзінің конституциялық құқын пайдаланып, таңдауын жасап үлгереді деген сенімдеміз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу