Өскеменде Exitpoll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Exitpoll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

19.03.2023

Бүгінгі саяси додада сайлаушылар белсенділік танытып жатыр. Өңірлердегі кейбір сайлау учаскесінде тұрғындар кезекке тұрып дауыс берді. Бұл туралы учаскелерде таңертеңнен бері сауалнама жүргізіп жүрген «Exitpoll» өкілдері хабарлады. Олар дауыс беріп шыққан сайлаушыларға негізінен төрт сұрақ қояды. Сол сауланаманың нәтижесі бойынша қандай партия және қай кандидат көп дауыс жинағынын алдын-ала болжауға болады. Шығыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелері алдында сауалнама жүргізіп жүргендер өңір халқы белсенді қатысып жатқанын айтады.

Алтынай Адасханова, Exitpoll өкілі:

Мен таңертеңнен бері өз жұмысымды істеп жатырмын. Сауалнама жүргізілген, сайлаушылардың көбісі түсіністікпен қарауда. Негізі төрт сұрақ қоямын. Бұл ешқандай жерде жарияланбайды. Сайлаушылар белсенді екенін байқадым.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу