«Демократия институты» ғылыми- зерттеу қауымдастығы өкілдері Павлодар қаласы сайлаушылары арасында жүргізілетін әлеуметтік сауалнаманың үшінші кезеңіне кірісті. Мамандар ішке кірмейді. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинақтайды. Олар сайлаушылардан «сіз кімге дауыс бердіңіз» деген бір ғана сұраққа жауап алады. Мәлімет құпия сақталады. Басты мақсат сайлау нәтижелеріне болжам жасау.
Петр Максимов, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының интервьюері:
Таңғы сағат 7-ден кешке дейін бірнеше лекпен сауалнама жүргіземіз. Мен тек осы сайлау учаскесінде ғана боламын. Бүгін ауа райы құбылып тұр. Боран бір тоқтап, бір соғады. Адамдар да сол сияқты. Бірі мәлімет беруге келіседі, бірі айналып кетіп жатыр.
Болат Аманбаев