ТМД-нан келген байқаушылар миссиясы Астанадағы физика-математика мектебінде орналасқан сайлау учаскесіне келді. Алдымен, байқаушылар тобымен тілдесіп, кейіннен дауыс беруге келген азаматтармен пікір алмасты. Халықаралық байқаушылар сайлауды ұйымдастыру жұмысына жоғары баға берді.
Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының жетекшісі:
Дауыс берушілердің белсенділігі қазіргі сәтте артта түсті. Осының алдында болған сайлау учаскесінде дауыс берушілер тіпті кезекке тұрды. Сол себепті, Қазақстандықтардың белсенділігі өте жоғары дер едім.