Алматылықтар сайлау науқанында белсенділік танытып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар сайлау науқанында белсенділік танытып жатыр

19.03.2023

Сайлау аса жауапты саяси науқан. Осы уақытқа дейін дауыс беріп үлгерген әскери жоғарғы оқу орындарының өкілдері мен перзентханадағы жас аналар осылай деді. Алматыдағы тілшіміз сайлау учаскелерін аралап келді. Толығырақ келесі бейнематериалда. Бұл әскери жоғары оқу орны – Орта Азия бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын жалғыз білім ордасы. Құрылғанына 22 жыл толған әскери институт 2000-нан аса білікті маман тәрбиелеп шығарған. Оқу орнының қызметкерлері бүгінгі сайлау– аса жауапты саяси науқан екенін айтады.

Жәнібек Ақбердиев, батальон командирінің орынбасары:

Қарулы күштердің бір мүшесі ретінде бүгінгі сайлауға курсанттарда, басқа да әскери қызметшілер белсене атсалысуда. №143 жабық сайлау учаскесі жұмыс атқаруда. Таңғы сағат 6-дан бері.

Ал, қалалық №4 перзентханада жүзден аса келіншек дауыс берді. Алғаш боп өз таңдауын жасағандардың бірі – Ғайса Қайратқызы. Үшінші сәбиін дүниеге әкелген ана, саяси науқаннан қалмауға тырысады. Балаларымның болашағы үшін таңдау жасауға міндеттімін дейді.

Ғайза Қайратқызы, қала тұрғыны:

Біз таңдап жатқан кандидаттардың рөлі өте маңызды. Соларға қарап біздің Қазақстан ары қарай дамуға септігін тигізеді деген ойдамын. Балапаным, қызым осылай дүниеге келіп, сайлауға қатысып, өзінің таңдауын анасымен бірге жасап жатқанына өте қуаныштымыз. 

18 жасқа енді толған Томирис Әбдусаламқызы, алғаш рет дауыс берді. Тарихи сәтке куә болып, үн қосып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Томирис Әбдусаламқызы, қала тұрғыны:

Бұл мен үшін үлкен мәртебе десем де болады. Себебі, елдің болашағына қатысуымыз керек деп ойлаймын. Бүгін соған жасаған қадамымы десем де болады.

Айта кетейін, Алматыда таңғы сағат 7-де 600-ден аса сайлау учаскесі ашылған болатын. Оның 70-ке жуығы өз жұмысын аяқтады. Олар негізінен әскери бөлімдер, ауруханаларда орналасқан сайлау учаскелері.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу