Павлодар облысында 512 200 адам дауыс беру құқығына ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 512 200 адам дауыс беру құқығына ие

19.03.2023

Павлодар облысында 512 200 адам дауыс беру құқығына ие. 523 сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. 

Болат Аманбаев, тілші:

Бүгін Павлодарда боран. Бірақ сайлау учаскелеріне келіп жатқан адам қарасы көп. Біз қазір №81 сайлау учаскесінде тұрмыз. Тізім бойынша 2 098 дауыс беруші тіркелген екен. Дәл қазіргі уақытта олардың 40 пайызға жуығы өз таңдауын жасады деген мәлімет алдық. 

Аймақта дауыс берушілердің басым бөлігі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында. Дәл қазіргі мәлімет бойынша, ауыл тұрғындарының дауыс беру белсенділігі анағұрлым жоғары.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу