«Exitpoll» әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Exitpoll» әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр

19.03.2023

Еліміздің барлық өңірінде «Exitpoll» өкілдері жұмыс істеп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында да мамандар сайлау учаскелері ашылған сәттен әлеуметтік сауалнама жүргізуге кірісті. Тұрғындар оған ерікті түрде қатыса алады. Сауалнама барысында жиналған ақпарат негізінде партиялардың және үміткерлердің қанша дауыс жинағаны жайында болжамды мәлімет жарияланады. Интервьюерлер түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Гүлнәр Бұрлықбаева, «Exitpoll» өкілі:

Бүгінгі сауалнама өткізу үшін арнайы курс өттік. «Қай партия және қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген 2 сұрақ қойылады. Жауаптары құпия ретінде сақталады.

Эльмира Каленова


Хабарламаларға жазылу