Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. ҚР Мемлекеттік кеңесші, осы жолғы сайлаудың маңызы зор екендігін атап өтті. Өйткені бұл сайлау – Мемлекет басшысы қолға алған реформалардың жүзеге асып жатқанының көрінісі. «Осы жолы аралас сайлау жүйесі енгізілді. Бұл қарапайым азаматтардың сайлауға түсу мүмкіндіктерін кеңейтті. Мәжіліс, мәслихатта жаңа тұлғалардың пайда болуына жол ашады. Сөйтіп, осы сайлау арқылы халықтың мемлекеттік шешім қабылдау процесіне кеңірек тартылуына жағдай жасалады», - деді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін, негізінен партия мүшелері ғана сайлауға қатыса алатын. Енді бірмандаттық енгізілгендіктен қарапайым азаматтардың сайлауға түсуге мүмкіндігі ашылды. Бұл ең алдымен сайлау құқығының кеңеюінің белгісі. Екіншіден, бұл сайлаушыларға өкілетті органдарға өз өкілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Аталып өткендей, кез келген өз саласының, елді-мекенінің мүддесін қорғай алады деген адамды таңдауға мүмкіндік береді.
Нұрбек Бекбау