Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні. Барлығы 10 223 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 77-сі шетелдерде. Елде 18 жасқа толған дауыс беруге құқығы бар адамдардың саны – 12 032 550. Саяси науқан аралас схемада өтіп жатыр. Кандидаттар партиялық тізіммен және мажоритарлық жүйе бойынша ұсынылған. Әділет министрлігінде тіркелген 7 партия бәсекеге түсіп жатыр. Олар: «Аманат» партиясы, «Ауыл» халықтық демократиялық-патриоттық партиясы, «Республика» партиясы, «Қазақстан халық» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы.