Ақтөбе облысының Қобда ауылында баспаналары суға кеткен тұрғындар үшін 24 үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Қобда ауылында баспаналары суға кеткен тұрғындар үшін 24 үй салынады

18.03.2023

Ақтөбе облысының Қобда ауылында баспаналары суға кеткен тұрғындар үшін 24 үй салынады. Аймақта 13 наурыздан бері аудан орталығында 79 үйге су кірген еді. Комиссияның алдын ала мәліметтері бойынша 3 үй тұруға жарамсыз, тағы төртеуінің қабырғалары құлаған. 17 баспана әлі суда тұр.

Бүгін облысқа арнайы жұмыс сапарымен барған еліміздің төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, 75 адамға 500 000 теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл қаржы демеушілер есебінен бөлініп отыр. Өтемақы толық көлемде комиссия жұмысы аяқталған соң берілетіні хабарланды. Ал, кеше су кірген Ойыл ауданының Қаратал ауылында жағдай тұрақталды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу