Ақтөбе облысында Ойыл өзені арнасынан асып, Қаратал ауылына су кірді. Аудан орталығымен қатынас үзілген.
Ауыл тұрғындары өз күштерімен тасқынға тосқын қоюға тырысқанымен, қатты ағыс бөгетті бұзып кетті. Арнасынан асқан өзен суы ауыл ішіне лезде жайылған. Тұрғындар малын дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Өзенге жақын тұстағы үйлерден адамдар эвакуацияланды. Елдімекенге баратын газ құбыры жарылып, көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды. Ақтөбе қаласынан және жақын аудандардан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көмекке аттанды. Қазір бөгеттің бұзылған жерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.