Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы Қазақстанның экономикалық жаңғыруына жол ашады - АҚШ сарапшылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы Қазақстанның экономикалық жаңғыруына жол ашады - АҚШ сарапшылары

17.03.2023

Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауы – Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңғыруына жол ашады. Еліміздің даму процестерін жіті қадағалап отырған АҚШ сарапшылары осылай дейді. Шетелдік мамандардың пікірін АҚШ тағы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тыңдады.

Қазақстан соңғы бірер жылда елдегі демократиялық процестерге екпін берерлік елеулі қадамдарды қолға алды. Оның ішінде қилы топтарының дауысы есітілетіндей қоғамдық диалог орнатылды. Алдағы сайлау да бұқара мен билік байланысын тереңдете түсудің төте жолы болмақ. Себебі, заңнамадағы түзетілер республикалық деңгейде ғана емес, жергілікті жерлер де саяси белсенділікті арттырды. Бұл сайып келгенде халықтың үнінің көбірек естілеуіне кепіл болмақ. Саяси әр алуандылыққа жол ашатын өзгерістерді америка тарапы да жоғары бағалап, қолдап отыр дейді Каспий орталығының жетекшісі.

Эфган Нифти, Каспий саяси орталығының басшысы:

Бұл саяси әлеуметтік реформалар қоғамның әртүрлі санатының дауысын есту, олардың Қазақстандағы шешімдер қабылдау ісіне етене араласуын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды болды. Менің пікірімше, кез келген билік қоғамның өкілдерін саяси процестерге, заң шығарумен өзге де саяси және әлеуметтік өмірдің басқа да маңызды аспектілеріне қатыстыруға мүмкіндік беру керек. Бұл орайда, Қазақстан аймақтағы көптеген елдерге үлгі болды. Әрине, бұл бірден жүзеге асаратын оңай процесс емес. Қазақстан өзгерістерді біртіндеп жүйелі енгізіп жатыр.

АҚШ-тың халықаралық даму бойынша сарапшысы Хавьер Пьедра болса, саяси партиялардың теле дебаттарын арнайы көргенін айтады. Маман бұл жолы өкілдер арасында шынайы тартыс болғанын байқаған. Тек бірлестіктер ғана емес, саяси науқан кезінде жекелеген үміткерлердің де айрықша белсенділік танытуы жергілікті жерлерде де азаматтық қоғамның сайлауға ерекше мән беріп отырғанын көрсетеді.

Хавьер Пьедра, халықаралық даму бойынша сарапшы:

Бұл неолиберализмнің экономикалық саясат ретінде сәтсіздігін көрсететін референдум іспетті болмақ. Президент халыққа жолдауында да, одан кейін де бірнеше рет биліктің элиталардың қолында шоғырлануына бұдан былай жол берілмейтінін ашық айтты. Президент қана емес, Парламент те бұдан хабардар. Бұл орайда, заң шығарушы органдағы квотаның ұлғайып, бірнеше саяси бірлестіктің келуіне мүмкіндіктің кебейюі маңызды қадам деп едім.

Бұл сайлауға әлем де ерекше назар аударып отыр. Сегіз жүзге жуық халықаралық байқаушының келуге өтініш бергені соның айғағы дейді Хавьер Пьерда. Бұл өңірдегі және әлемнің көптеген елдеріндегі саяси науқандармен салыстырғанда әлдеқайда үлкен көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің Қазақстандағы сайлауға осыншама көңіл бөлуі еліміз үшін тек үлкен абырой ғана емес, әрі үлкен сенім көрсеткіші болмақ.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу