Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы әл-Ула шөлінде түйелер жарысы өтті. Халықаралық кубокты тамашалауға жүздеген адам жиналған. Ал бас жүлдеге 21 миллион доллар тігілді. Бұл – осы аймақтағы ең қомақты және қымбат сыйлық. Оны кім иеленгені әзірге белгісіз. Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының экономикасы мен қоғамын өзгертуге күш салып жатыр. Сол реформа аясында өндірісті әртараптандырып, осындай шаралармен туризмді өркендетіп, мұнайға тәуелділіктен құтылуды көздеп отыр.
Арыстан Рысбек